ҚХА мемлекеттік тілді дамыту жобаларын талқылады
Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Мемлекеттік тіл – келісім мен бірліктің негізі» атты жиын өтті. Шара аясында мемлекеттік тілді оқыту мен дамытуға, латын әліпбиіне көшуге бағытталған жобалар кеңінен таныстырылды.
Әлем • 22 Сәуір, 2019
Өткен аптада әлемді дүр сілкіндірген бірқатар оқиға болды. Атап айтқанда, Париждегі «Нотр Дам» шіркеуі өртенді, Шри-Ланкада террористік шабуыл жасалды. «Егемен Қазақстан» өткен аптаның маңызды оқиғаларына фото шолу жасайды.
Руханият • 22 Сәуір, 2019
Руханият • 22 Сәуір, 2019
Батыржан Смақов – дирижер, еліміздегі жалғыз контртенор опера әншісі. Бұған дейін шығармашылық иесін тек өнердің айналасындағы әріптестері осылай деп танып келсе, Қазақстанның 100 жаңа есімі қатарынан көрінгелі өнерпаздың ән әлеміндегі айрықша таланты мұқым қазаққа мәшһүр болды.
Театр • 22 Сәуір, 2019
Өскелең ұрпақты ұлттық тамырдан ажыратпай, рухани тәрбие бұлағымен сусындатудың бірден-бір жолы оларға тарихымыздағы тұғырлы тұлғаларды танытып, ертегілердегі ізгілікке баулитын кейіпкерлерді үлгі етіп көрсету. Жуырда жас драматург Әлібек Байболдың «Жеті ойыншықтың жеңісі» атты ертегісі Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық Қазақ музыка-драма театрында сахналанып, кішкентай көрермендерді үлкен олжаға кенелтті. Өнер ұжымының Алматыға сапары барысында аталған туынды Ғ.Мүсірепов Қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында да қойылып, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Жастар жылына орайластырылып жазылған айтулы қойылымның режиссері – Әділет Ақанов.