Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
Жүрек сырқатының жаңа себептері анықталды
Жуырда Назарбаев Университет ғалымдары кенеттен жүрек соғуын тоқтататын жаңа генетикалық факторларды ашты. Бұл жаңалық жүрек ауруларының табиғатын жақсы түсінуге және дені сау адамдарда жүрек ауруларының даму қаупінің алдын алуға көмектеседі. Бұл соны жаңалық бірегей зерттеу нәтижелері рецензияланатын Plos One ғылыми журналында жарияланды.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
Арманы асыл азамат аневризманың алдын алмақ
Әкеге қарап өспейтін ұл, шешеге қарап бой түземейтін қыз болмас, сірә. Қазақ ұясында көргені барды «көргенді» деп сүйсінеді. Бұл тұрғыдан біздің әңгімеге арқау болған жас дәрігер үлгі-өнегеден кенде емес.
Қоғам • 17 Сәуір, 2019
Талап күшті, тәртіп қатал болатын
Мен 1962 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің роман-герман бөліміне қабылдандым. Кейіннен қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне ауыстым. ҚазМУ-де оқып жүрген кезімде «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа орналастым. Бұл – 1967 жыл еді. Ол кезде айтулы басылымның бас редакторы қызметін Шерхан Мұртаза атқарған. Міне, осындай қарымды қаламгер, ұлжанды азамат, іскер басшының қол астында қызмет ету бақыты маған бұйырды.
Руханият • 17 Сәуір, 2019
1990 жылы бүкіл Маңғыстау елін сүйсінтіп тастаған үлкен оқиға Маңғыстау облысының қайта ашылуы болды. Облысты бұдан екі жыл бұрын таратқандары қате болғанын жоғары жақтағылардың өздері де сезінсе керек. Оның үстіне өткен жылғы, 1989 жылғы, Жаңаөзендегі оқиға да облыстың қайта ашылуына үлкен ықпал еткен шығар. Мен енді Алматымен хабарласып, облыс қайта құрылды, енді маған өзімнің бұрын істеген әдеби кеңесшілігімді қайтара қойыңдар дегем жоқ.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
Жануарлар әлемі жіті қорғалып отыр ма?
Табиғаттың төл байлығы саналатын жануарлар әлемін қорғаудың маңызы зор. Шыны керек, соңғы кезде еліміздің орманды жерлеріндегі жануарларды заңсыз аулау көбейіп барады. Алайда, мемлекет тарапынан мұндай әрекеттерге тиісінше тосқауыл да қойылып отыр.