Спорт • 18 Сәуір, 2019
Азияның үздігі атануға әлеуетіміз жете ме?..
23 сәуірде Қытайдың Сиань қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Бес күнге созылатын байрақты бәсеке барысында талай «жан алысып, жан беріскен» айқастың куәсі болатынымыз анық. Осыдан бұрын біз айтулы жарыста Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері қандай табыстарға қол жеткізгені туралы мақала жариялаған едік. Ал бүгінгі әңгімеміз еркін күрес жайында.
Қоғам • 18 Сәуір, 2019
Университет аудиториясынан – өндіріске
Соңғы жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті өңір кәсіпорындарымен бірлесе жұмыс істеуде. Бұл күндері оқу орны жергілікті 278 өндіріс орнымен екі жақты келісімшарт жасады. Мақсат – кәсіпорындардың сұранысына сай оқу бағдарламасының 40 пайызын өндіріс орындарында өткізу.
Сайлау • 18 Сәуір, 2019
Көне тарихтың көмбесін ақтарып, санамен салмақтар болсаңыз, тұтас елдің болмысын, ерекшелігін екшейтін сәт болашақты айқындаумен байланысты екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін тарихи оқиға десек, артық айтқандық емес.
Сайлау • 18 Сәуір, 2019
Кезектен тыс сайлау – тұрақтылық пен экономикалық дамудың кепілі
Өткен аптада Алматы қаласы ардагерлер кеңесі осындай шешімге келді. Кеңес төрағасы Құдайберген Қабдолдин ең алдымен қазіргі айналамызда болып жатқан геосаяси факторларға тоқталып өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың адалдығына кепілдік беретінін деп айтты. Бұрынғы сайлаулардан бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек.
Сайлау • 18 Сәуір, 2019
Халықтың мандатын алудың мәні зор
Бүгінде президенттік институт көптеген елдердің саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып отыр. Президенттік билік, бұл – мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысаны. Президенттік республикаларда президент жанама (АҚШ) немесе тікелей (Қазақстан) сайлау арқылы сайланады және ауқымды нақты билікке ие.