Қоғам • 09 Сәуір, 2019
7-20-25: «мегаполистер бағдарламасына» айналып барады
Мемлекеттің тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы шаралары тәуелсіздік жылдарында үздіксіз жүзеге асырылып келеді. Осы жылдар ішінде сан түрлі бағдарламалар қабылданып, талай азамат үйлі болды. Дегенмен, халық санының ұдайы өсуіне, урбанизация үрдісінің тоқтаусыз жүріп жатуына байланысты баспана мәселесі ешқашан өзектілігін жойған жоқ. Өкінішке қарай, осынау күрделі мәселені шешуге бағытталған кейбір бастамалардың көңілден шығатындай деңгейде жүзеге аспай жататыны бар. Оның да сан түрлі себептері болса керек.
Руханият • 09 Сәуір, 2019
Жастайынан ел назарына ілігіп, есімі шартарапқа жайылған қара күштің иесі Нұрмағанбет Баймырзаұлының өмір жолын арқау еткен «Балуан Шолақ» тарихи кинолентасы жақын күндері көрерменге жол тартады. Бұл – жауырыны жерге тимеген балуан әрі ғаламат сазгер-әнші туралы түсіріліп отырған тұңғыш фильм.
Руханият • 09 Сәуір, 2019
Күй десе, күйші десе елең ететін әдетіммен Орал қаласында тұратын Едіге Нәбиев ақсақалдың атын естіген бойда, тартқан күйлерін тыңдауға асықтым. Көне күйшілер салған сырлы соқпақтың салтын бұзбай, сұлу сазын жоғалтпай келе жатқан санаулы күйшінің сардары екен.
Қоғам • 09 Сәуір, 2019
Ежелгі медицина: өркениеттер ізіндегі өріс
Уақытты аялдата алмайтының тәрізді, заман ағымындағы өзгерістерді де тоқтату мүмкін емес. Әйтсе де адамзат тарихында ықылым заманда өткен дүниенің тегермешпен қайта айналып соғатыны болады.
Қоғам • 09 Сәуір, 2019
Қарыз тәуелділігі рухани тәуелділікке апарады
Әр ұлттың қай кезеңде болсын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы– өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп жетілдіру – аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Демек, біздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес, жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай қарыз қалдырмауға тиістіміз!