Әлем • 15 Сәуір, 2020
Жаңа Зеландияда ұшатын такси болады (видео)
Google компаниясының негізін салушылардың бірі Ларри Пейдж Жаңа Зеландияда тұңғыш рет ұшатын такси жобасы іске қосылатынын мәлімдеді.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2020
Бәрі оны қазақтың баласы дейді (видео)
Әлеуметтік желіде «Дүние, шіркін» термесін домбырамен тебірене шырқаған Алексей Лодочниковтің өнері қызу талқыға түсіп жатыр. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен ән салып, терме-толғау айту – кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін киелі өнер. Мұндай жоғары деңгейге қол жеткізу үшін дәстүрлі әншінің қанында ұлттық музыканың тұнық қайнары бүлкілдеп тұруы қажет. Асыл маржан теңіздің түбіне ғана тұнады десек, жан-дүниесі даланың құрақтай сарынымен үндесіп, қазақы қайырымдар мен мақамдарды қалтқысыз игерген орындаушыға халықтың ақжарма лебізінің де дәл солай шын көңілден төгіле өріліп жатқанына куә болдық. Жас әншінің өнерін аз уақытта 20 мыңнан астам адам тамашалап, жанкүйерлері пікір жазып, арман-аңсарын, бақытын қазақ елімен байланыстырған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе кейінгі жас буынның мемлекеттік тілге, қазақтың дәстүрлі ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігіне ризашылық сезімдерін білдірген.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Атырау: Бұзақылар ма, әлде басқа ма?
Атырау облысында балық қорын заңсыз аулау тыйылар емес. Бадық қорына «барымта» жасаушылар инспекторларға қарсылық та танытады. Сондай оқиғаның біріне қатысушылардың мотоциклді өртеп жібергені жайлы видео әлеуметтік желіде тарады.
Видео • 14 Сәуір, 2020
Назарларыңызға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның «Түнгі такси» өлеңін ұсынамыз.
Видео • 14 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. «Екі киім» ертегісі
Кішкентай оқырмандар үшін ұсынатын кезекті ертегіміз «Екі киім» деп аталады. Бұл не туралы екенін білгіңіз келсе, видеоны тамашалап шығыңыз.