Ата заң • 30 Қаңтар, 2026
Жаңа Конституцияда қанша бөлім, қанша бап болады?
Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысында еліміздің жаңа Конституциясының бірінші жобасы қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 30 Қаңтар, 2026
Көзі байлаулы спортшы рубик кубигін 11,67 секундта құрастырды
Рубик кубигін шешу көп адамға таныс. Бірақ оны көзді байлап шешу мүлде басқа деңгей. Мұнда жылдамдық қана емес, жады мен елестету шешуші рөл атқарады. 2026 жылғы 10 қаңтарда Аустралияның Сидней қаласында өткен Cubing at The Cube 2026 жарысында Чарли Эггинс 3×3×3 Рубик кубигін көзін байлап тұрып 11,67 секундта шешіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл нәтиже Guinness World Records тарапынан ресми тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2026
Павлодар облысында тозығы жеткен 37,1 шақырым жылу желілері жаңғыртылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көмір генерациясын дамыту және экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабу үшін жаңа қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысын және энергетика мен көмір өндіруде цифрлық шешімдер енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2026
Нипах вирусы анықталған жағдайда Алматы әуежайы қалай әрекет етеді?
Алматы халықаралық әуежайында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға арналған ведомствоаралық оқу-жаттығу өтті. Негізгі мақсат – аса қауіпті жұқпалы аурулар, соның ішінде Нипах вирусы анықталған жағдайда қызметтердің әрекет ету дайындығын тексеру, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 30 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік сатып алу: Қосалқы мердігерлерге бақылау күшейтілді
Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.