Спорт • 29 Қаңтар, 2019
Ақтауда волейболдан біріншілік өтіп жатыр
Ақтауда алғаш рет «Ақтау волейбол клубы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ерлер командалары арасында волейболдан ашық біріншілік өтуде. Өткен жылдың қазан айынан басталған жарыс осы жылдың сәуір-мамыр айларында аяқталады. Жарыс екі жас категориясы - 40 жасқа дейін және 40 жас және одан жоғары ардагерлер командасы арасында өтеді. Бірінші айналымда 10 команда өнер көрсетті, ал екінші санат бойынша 5 команда өтінім берген. Бірінші айналым қорытындысы бойынша «ВК Ақтау» командасы шағын Кубок иегері атанды. Біріншіліктің жеңімпазы екі айналым қорытындысы бойынша анықталады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019
Алматы облысының Ақдала ауылында Мәдениет үйі ашылды
Алматы облысының Балқаш ауданындағы Ақдала ауылында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінің ашылуы өтті.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Оралда бомба жайлы жалған хабар таратқан әйел тұтқындалды
Орал қаласында «102» нөміріне қоңырау шалып, Абай полиция бөлімінде бомба жарылғалы жатыр деп хабарлаған әйел тұтқындалды.
Спорт • 29 Қаңтар, 2019
Дидар Әмірәлі: Еуропа чемпионына тактикалық тұрғыдан есе жібердім
Каратэден Парижде өткен Премьер-лига турнирінің жүлдегері Дидар Әмірәлі Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, рейтингілік бәсеке туралы ойымен бөлісті.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Көкшетаулықтар көгілдір отынға зәру
Бүгінгі таңда ел тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі 50 процент деңгейінде. Яғни, 9 облыс газбен қамтылған. Елдің орталық және солтүстік өңірі әлі де табиғи газсыз отыр.