Қазақстан Президенті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен дамудың алдағы перспективалары жөнінде баяндалды.
Бокстан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде Жамбыл облысы көш бастады
Өскеменде бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды. Турнирге 2003-2004 жылы туған боксшылар қатысқан болатын деп хабарлайды Olympic.kz
Әдебиет • 29 Қаңтар, 2019
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алатын оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтуде. Айтулы шара аясында оқушылар халықаралық ақын-жыршылар және термешілер Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Қуаныш Оспановпен кездесті. Басқосу барысында ақын өз шығармашылығымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Авторлық өлеңдері мен әндерін орындады.
Президент • 29 Қаңтар, 2019
Елбасы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Сара Кэмерон: Қазақстандағы ашаршылық туралы бірнеше кітап жазылса да артық емес
Өз тарихыңа өзгенің көзқарасын білу әрдайым қызық екені белгілі. Осы себепті өткен жылы Сара Кэмеронның «Аштық жайлаған Дала: Ашаршылық, Зорлық және кеңестік Қазақстанды орнату» атты монографиясы жарық көргенде кітапты қолға түсіргенше қатты асықтық. АҚШ-тағы Мериленд университетінің профессоры жазған бұл еңбек Батыс әлемі үшін беймәлім Қазақстандағы ашаршылық тақырыбына арналған. КСРО-дағы ашаршылықты тек Украинадағы “голодомормен” елестететін америкалықтар үшін Камеронның зерттеуі үлкен жаңалық болды. Ғалым Украинадағы алапаттың ауқымы кеңдеу болғанымен, Қазақстандағы ашаршылық ұлтқа тигізген зардабы бойынша ең қасіретті оқиға болғанын айтады. Назарларыңызға кітап авторымен сұхбатымызды ұсынамыз.