Саясат • 21 Қазан, 2019
Роман Скляр жұмыс сапарымен Татарстан Республикасына барды
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесті, сондай-ақ World Urban Parks Дүниежүзілік парк конгресіне қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 21 Қазан, 2019
Нұрлан Ермекбаев IX Бейжің форумына қатысты
Бейжіңде «Сяншань» қауіпсіздік мәселелері бойынша IX Бейжің форумының ашылуы өтті. Қазақстандық тараптан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған делегация қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Қазан, 2019
Ақтауда «Күреш» башқұрт спорттық күрес турнирі өтті
Ақтауда «Салават» башқұрт мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі жасөспірімдер арасында «Күреш» спорттық күрес турнирін өткізді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облыстық хатшылығы баспасөз қызметінен хабарлады.
Спорт • 21 Қазан, 2019
Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен халықаралық турнирге қатысады
Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Ресейдегі халықаралық турнирге қатысады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қоғам • 21 Қазан, 2019
Алматыда №92 бағыттағы автобустар жаңарды
Толықтай жаңартылған қозғалыс құрамы 19 қазанда қала көшелеріне шықты, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Аталған бағытта бұдан былай 12 метрлік 20 жаңа автобус қатынайтын болады.