Аймақтар • 18 Қазан, 2022
Қарағанды қаласы қазір жылудан тапшылық көріп тұрған жоқ. Бірақ алдағы жылдары кеншілер астанасындағы қарқынды баспана құрылысына байланысты жылу қат болуы ғажап емес. Мұны тиісті орындар да жоққа шығармайды. Осыған орай үшінші жылу электр орталығынан тұрғын үй құрылысы қаулап бара жатқан Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігіне жылу жеткізу үшін жылу магистралі салынып жатыр.
Бизнес • 18 Қазан, 2022
Бизнеске комплаенс-маман қажет
Астанада Экономикалық қауіпсіздік және комплаенс мамандарына арналған форум ұйымдастырылып, онда заңгерлер, комплаенс-офицерлер, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік мамандары комплаенс-қызметтерді автоматтандыру, кадрларды қалыптастыру, санкциялық комплаенстің заңды және беделге нұқсан келтіретін тәуекелдерін қаузады.
Экономика • 18 Қазан, 2022
Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін, жалпы Жетісуда күріш өсіретін жалғыз аудан қалды. Бұл – Қаратал ауданы. Биыл ауа райы диқандар үшін қолайлы болды, дәнді дақылдар да бітік шықты.
Саясат • 18 Қазан, 2022
Өткен аптада елордада Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) VI саммиті өтті. Айтулы іс-шараның қорытындысы мен Қазақстан төрағалығының басымдықтарын жүзеге асыру тетіктері туралы Орталық коммуникациялар қызметінде кеңестің Бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай айтып берді.
Саясат • 18 Қазан, 2022
Президент сайлауы: додаға қосылғандар
Ел тағдырына алаңдаған жұрттың бүгінгі әңгімесінің өзегі – алдағы президент сайлауы. Әу баста саяси додаға қатысуға ниет білдірген 12 кандидаттың тоғызының ғана Орталық сайлау комиссиясы тарапынан құжаттары қабылданып, оның ішінде әзірге үшеуі ресми түрде тіркелді.