Білім • 11 Қазан, 2023
Электронды оқулықтың артықшылығы мен кемшілігі
Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дәстүрлі оқулық түрлерімен қатар электронды оқулықтарды да пайдалана бастады. Қазіргі кезде мектеп оқулықтарының басым көпшілігі цифрлық форматқа көшірілген. Бұл оқушылар сөмкесінің салмағын жеңілдетуге байланысты қолға алынған қадам еді. Алайда заманауи оқулықтардың пайда болуы қоғамда дәстүрлі оқулықтар қолданыстан шығып қала ма деген алаңдаушылық та туғызды. Ата-аналар электронды оқулықтарды, интерактивті құрал-жабдықтарды жиі пайдаланудың бала денсаулығына зиянын да айтып дабыл қағып отыр.
Елорда • 11 Қазан, 2023
Nobel Fest – жаңашылдыққа бетбұрыс
Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен заманауи ғылымның көрнекті тұлғалары – Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми Оскар иегерлері, жоғары деңгейдегі ғалымдар, сонымен қатар стартаптар мен бизнесмендердің басын қосқан Nobel Fest фестивалі өтті.
Ғылым • 11 Қазан, 2023
Ғылымның мәртебесі қайткенде артады?
Өткен аптаның соңында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жаңа басым бағыттары бекітілді. Ал ғылыми қауымдастықта белсенділік танытып жүретін ғалымдар алдағы уақытта қаржыландыруға негіз болатын басым бағыттардың ғылыми ортада әбден талқыланбай, ескертулер ескерілмей қабылданғанына, басым бағыттар қатарының қысқартылып кеткеніне қынжылады. Тіпті мұндай маңызды шешімді шығаруда кейбір заңнамалық норма бұзылғанын айтады. Мәселенің мәнісі неде?
Айбын • 11 Қазан, 2023
Геосаяси ахуалы құбылған алмағайып заманда аңдысқан жау көп. Күні кеше ядролық қаруы бар Израильге Газа секторынан хамастық содырлар баса-көктеп кіреді деп кім ойлаған? Қару-жарағы мен технологиясы жағынан әлемде алдыңғы қатарлы мемлекеттің өзі қауіптің бетін аңғармай, қапы қалып, мыңға жуық бейбіт тұрғынынан айырылды. Бұл оқиға бүгінгі таңда бес қаруыңды әрдайым сайлап отыруды, әскердің дайындығын уақыт талаптарына сай ұстауды талап етеді.
Шымкент • 11 Қазан, 2023
Білім көрмесінің жаңа көкжиегі
Әлемнің 60 елінің оқу орындары Шымкентте бас қосып, білім беру саласындағы жетістіктерін келушілер назарына паш етті. Университеттер үздік тәжірибелерін ортаға салып, қандай тиімді ұсыныстары бар екенін жастарға жан-жақты таныстырып берді. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттерге Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінің университеттері мен олардың оқу жүйелеріндегі білім гранттары ерекше қызықты болды. Мегаполис төрінде өткен үлкен іс-шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен мектептерден келген жастар мен жасөспірімдердің жалпы саны 1 мыңға жуықтады.