Айбын • 10 Қазан, 2023
Ақжайықтағы ақжарма жүздесулер
Жуырда Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында өзара ықпалдастық органдары басшылары және ардагерлер қауымымен кездесулер өткізді.
Аймақтар • 10 Қазан, 2023
Елдегі байланысқа жауапты «Қазпошта» қызметінің құрылғанына биыл 30 жыл толыпты. Әрі 9 қазан – Пошта күні. Осынау мерейлі датаға орай Шығыс Қазақстандағы «Қазпошта» АҚ филиалында БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мұнда бірқатар мәселелер талқыланып, ұтымды ұсыныстар айтылды.
Қоғам • 10 Қазан, 2023
Ақылы автотұрақ «ақылға» келді
Енді Астана тұрғындары аула маңындағы ақылы автотұрақтарды тегін пайдалана алатын болды.
Аймақтар • 10 Қазан, 2023
Жезқазғанға әуе қатынасы жиіледі
Ел Президенті мақұлдап, Үкімет бекіткен «Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында көзделген іс-шаралардың бірі – облыс орталығының еліміздің басқа өңірлерімен әуе жолы арқылы байланысын қамтамасыз ету болатын. Бұған дейін қалыптасқан Астана, Алматы, Қарағанды қалаларымен әуе арқылы қатынас қатарына енді Шымкент қаласы да қосылды.
Құқық • 10 Қазан, 2023
Қазан айының 6-сы күні «Бурабай курорты – Жамантұз» бағытындағы теміржол бойынан жас жігіттің мәйіті табылды. Ұлынан айырылып, аңыраған ана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министріне жанайқайын жеткізіп, әділдік болса екен дейді.