Мектеп • 10 Қазан, 2023
«Жайлы мектептің» жайбасар мердігерлері
Қыруар қаржы бөлінген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – мектептегі көп мәселенің тиімді шешімі. Алайда білім ордалары жоспар бойынша салынбай, уақытында қолданысқа берілмей қала ма деген қорқыныш бар. Өйткені кейбір мектеп мердігерлерінің жұмысы кешеуілдеп жатыр.
Қоғам • 10 Қазан, 2023
Тұрғындардың газды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауының соңы ауыр қайғымен аяқталып жатыр. Апат салдарынан кейінгі уақытта төтенше жағдайлар жиілеп кеткен. Адам шығыны бар, зардап шегушілер саны да артқан.
Қоғам • 10 Қазан, 2023
Ресурстық орталықтар: аты бар, заты жоқ
Елімізде Жастар ресурстық орталықтарында маман тапшы. Республика бойынша осындай ұйымның 1 қызметкері орта есеппен 2 мың жаспен жұмыс істеуі қажет. Алайда Алматы қаласында ресурстық орталықтың бір қызметкеріне – 32, ал Астанада 17 мың адамнан келеді. Демек кей өңірлерде стандарт сақталмаған. Жастардың әлеуметтік, тұлғалық дамуына көмектеседі деген мақсатпен құрылған орталықтардың бірқатар мәселесін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев палатаның жалпы отырысында көтерді.
Спорт • 09 Қазан, 2023
Қазақтың абыройын асқақтатқандар
Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтың өр ұрпағы бүгінде атажұртта ғана емес, әлемдік спорт ареналарында да жиі-жиі атойлай бастады. Әсіресе бокс әлемінде Бөлтекұлының ізін басқан даңқты ұлдар жетіп артылады. Ташкентте өткен әлем чемпионатында осыны байқағанбыз.
Сұхбат • 09 Қазан, 2023
Бесқала өңіріндегі қазақ жұрты сандаған ғасыр бойы түркітілдес ағайындармен аралас-құралас өмір сүріп жатыр. Атажұрттан жырақта жүрсе де мәдениеті мен дәстүрін, ана тілінің қадір-қасиетін ұрпағының бойына сіңіріп, ұлттық болмысын сақтап отыр. Бұған өз кезегінде сол елдегі қоғамдық ұйым да өз үлесін қосып келеді. Қарақалпақстандағы қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Асқар ҮМБЕТАЕВПЕН әңгіме барысында осыған көз жеткіздік.