Әлем • 09 Қазан, 2023
Ауғанстандағы зілзала: Қазақстан қолдау көрсетеді
Ауғанстанда магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болып, апаттан 2 445 тұрғын қаза болды. Зілзала 7 қазанда елдің батысындағы Герат қаласынан 40 шақырым жерде анықталған. Табиғи апат салдарынан 13 ауыл толығымен қирап қалған. Ал 10 мыңға жуық адам жарақат алған.
Тағзым • 09 Қазан, 2023
Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті. Айдынды Арал жағалауында өмірге келген ақын рухына арналған іс-шара Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханадағы «Күнге қарай жүремін...» атты поэзия кешінен бастау алды. Кітапханада «Теңіз тудырған талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жастар өлең оқыды. Әншілер ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады.
Театр • 09 Қазан, 2023
Театр өнерін түрлендірген талантты тұлға Бикен Римованың 100 жылдығына арналған «Biken» I Халықаралық фестивалі аяқталды. Бір аптаға созылған өнер бәйгесінде үздік шыққандар марапатталды. Ең ғажабы, бұдан бұлай аталған театр додасы дәстүрлі түрде өтетін болады.
Мирас • 09 Қазан, 2023
Домбыра – қазақ халқының өмірі мен тұрмысына ежелден етене сіңген, ойын-тойы мен салтанатының және қайғы-мүңының куәсі, өнерпаз адамның жансерігі болған қасиетті де киелі музыкалық аспабы екені көпке белгілі. «Домбыра харам» деген дүниелер қазақтын қасиетті музыкалық аспабының арғы-бергі тарихынан бейхабарлығын көрсетеді. Керек десеңіз, домбыраны музыкалық арнайы оқу орындарында оқытудың өзіндік қалыптасқан толыққанды әдістемесі бар, бұл салада алдыңғы буын ағалар көп тер төкті. Олардан кейін бұл бағыттағы әдіс-тәжірибелерді ғылыми жаңалықтарымен байытқан ғалымдар легі музыкалық педагогика мен методиканы және ұлттық танымды қатар дамытты, сонымен бірге домбыра репертуарының кеңеюіне де өзіндік еңбектерін сіңіре алды.
Аймақтар • 09 Қазан, 2023
Көшпелі кеңестегі көшелі мәселе
Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай төрағалық ететін «Amanat» партиясының жанындағы республикалық «Miras» кеңесінің кезекті көшпелі отырысы Жезқазған қаласында өтті.