Әлем • 11 Қазан, 2019
«Бейбітшілік қайнары» Түркия террористерге қарсы әскери операция бастады
Түркия Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция бастады. «Бейбітшілік қайнары» деген атау берілген операция сәрсенбі күні Түркия сағатымен 16.00-де басталды. Сириядағы Евфрат өзенінің шығыс жағалауына бағытталған операцияға авиация мен құрлық әскерінің түрлі бөлімшелері қатысып жатыр. Операция Сирияның солтүстігіндегі террористік және сепаратистік пиғылдағы қарулы топтарды жойып, қауіпсіз белдеу құруды, сөйтіп Түркияның оңтүстігінен төнетін қауіп-қатерді сейілту мақсатын көздейді.
Қоғам • 11 Қазан, 2019
Өзара сенімнің негізі – бауырластық
Орталық Азия елдерімен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимылдарды уақыт талабына сай өрістету аймақтың қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етуде аса маңызды. Біз Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Түрікменстанға сапары қарсаңында осы елмен арадағы ынтымақтастыққа шолу жасағанды жөн көрдік.
Қоғам • 11 Қазан, 2019
Негізгі спикер ретінде сөйледі
Украинаның Одесса қаласында мемлекеттік басқарудағы HR-ға арналған «Odesa.Richelieu.Forum 2019» өтті.
Үкімет • 11 Қазан, 2019
Әлеуметтік маңызды нысандарды тексерді
Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар спорт және медициналық нысандарды аралады.
Үкімет • 11 Қазан, 2019
«Ақылды қалаларды» дамыту − әлем елдеріне ортақ міндет
Елордада қалалық туризмді дамытуға арналған VIII UNWTO жаһандық саммиті өтуде. Айтулы шара «Ақылды қалаларды» дамыту тақырыбына арналып, онда мегаполистердегі өзекті мәселелерді шешу, қаланы басқару, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялық жетістіктер жайлы кеңінен сөз болды.