Қоғам • 10 Қазан, 2019
Nur Otan: Партиялық бақылау комитетінің отырысы өтеді
Ертең Nur Otan партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысы болады. Жиын «Партия мүшелері: жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік орган басшыларының партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 2018 жылы және 2019 жылдың 8 айында азаматтардың өтініштерін қарау туралы» тақырыбында өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Хоккей • 10 Қазан, 2019
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Уфада өткізіп, жергілікті «Салават Юлаевқа» сан соқтырды.
Аймақтар • 10 Қазан, 2019
Алматыда «Үш бәйтерек» атты шығармашылық кеш өтті
Алматыда қазақтың аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби-сазды кеш өтті. Алаш арыстарының арманын ақиқатқа айналдырған айтулы кеште жырдан шашу шашылып, әсем әуендер көпшіліктің көңілін тербеді.
Қазақстан • 10 Қазан, 2019
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін
10 қазан күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста – түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Ел бойынша жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады. Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады.
Қазақстан • 10 Қазан, 2019
Елордада ЮНВТО-ның VIII жаһандық саммиті өтіп жатыр
Бүгін Тәуелсіздік сарайында ЮНВТО-ның «Ақылды қалалар – ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммитінің ресми ашылу салтанаты өтіп жатыр. 1400 делегат, оның ішінде 80 мемлекеттен 400 шетелдік делегат және әлемнің ірі 15 қаласының басшылары қатысуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.