Қоғам • 10 Қазан, 2019
«Жасыл» экономика қалдықсыз технология даму драйвері
Уақыт жүйткіген сайын әлемдегі жаңашылдықтарға ілесу қиындап барады. Рас, цифрлы технология дәуірінде тың жаңалықтар жылдап емес, айлап ашылып жатыр. Бірақ бұл сонымен бірге адамзатқа жаңа сын-қатерлерді алып келіп отыр. Әсіресе барша тіршілік иесінің ортақ мекені – Жер шарының бүгінгі жағдайы алаңдатарлық күйге жетті. Жаһандық экологияның конъюнктурасын реттеу үшін «жасыл экономика» тұжырымдамасы негізгі үрдіске айналды. Бұл трендті дамытуды Қазақстан да қолға алып, әлемдік көшке қосылуға бет алды. Осы орайда экономика ғылымдарының докторы, «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, Президент жанындағы «жасыл» экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат РАХИМБЕКОВАМЕН еліміздің экологиялық архитектурасы жөнінде әңгімелестік.
Аристотель: «Би – адамның мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі...» деген екен. ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап балетмейстер, би өнерінің шебері Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай халықаралық би күні мерекеленеді. «Балет өнерінің атасы» ретінде тарихта қалған француз реформаторының «Би мен балет жайлы хат» атты туындысы кез келген балет мектебі үшін әлі күнге дейін құнды құрал саналады. Мұнда балеттік қойылымдардың қыр-сыры, пантомимо және би өнері туралы егжей-тегжейлі жазылған еді.
Руханият • 10 Қазан, 2019
Отыз-қырық үйден аспайтын елеусіз ғана орам. Жаңа мектеп ашылмағанда мұндай орамның бар екенін білмей де кетер ем. Биылғы жаңа оқу жылында бас қаламызда Абай Құнанбайұлы атында мектеп-гимназия ашылған. Оның ат шаптырым аумағының бір бұрышы нақ осы орамға тіреліп тұр. Баламды мектептен алып келе жатып, тура осы орамды басып өтем. Әр үйдің қақпасынан үш тілде көрнекі етіп жазылған Павлик Морозов есімін көрген сайын есіме қайдағы-жайдағы нәрселер түсіп, бойымды қызық сезімдер билейді.
Қоғам • 10 Қазан, 2019
Қаламгерлер шекара заставасына барды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерді рухани тәрбиелеу, олардың әдеби танымдарын кеңейту және отаншылдық сезімдерін одан әрі арттыру, сондай-ақ Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов атындағы шекара заставасымен және елдің шығыс шебімен ақындар мен жазушыларды таныстыру, шекара маңындағы халықты шекараны бірлесіп қорғауға шақыру мақсатында Зайсан қаласында орналасқан 2017 әскери бөлімінің қосындарына Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің шығармашылық сапарын ұйымдастырды.
Қоғам • 10 Қазан, 2019
Сенбілікте жапырақты неге өртейміз?
Күздің романтикасы – сарғайған жапырақ. Қалың жапырақты қаудырлата кешіп, саябақта серуендеу жанға сая. Күз мезгілінде сенбілік сайын жиналып, көше сыпырып, үйілген қоқыстармен бірге жапырақтарды жинауға, өртеуге асығатынымыз рас. Бірақ осы тұста ойланатын бір жайт бар. Қала мен ауыл тазалығына үлес қосқымыз келсе де алдымен табиғат сыйына тәлімдік-танымдық тұрғыдан мән беру қажет секілді.