Президент • 09 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған «Ақылды қалалар, ақылды мекендер» ғаламдық саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 09 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы бірқатар қабылдау өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім жөніндегі кеңес мүшелері Ораз Жандосов пен Бағдат Мусинді қабылдап, елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқылады. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Қазақстанды цифрландыру жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы пікір алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 09 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
Президент • 09 Қазан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады
10 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады. Онда қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
Аймақтар • 09 Қазан, 2019
Қостанайда халықаралық кітапханашылар конференциясы өтіп жатыр
Қостанайда «Ұлы даланың жеті қыры: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады. Оған Қазақстанның облыстарымен қатар Ресейдің Қостанаймен көрші Челябі, Қорған, Свердлов облыстарынан да кітапхана мамандары қатысуда.