Өндіріс • 05 Қазан, 2023
Уақытында Тараздағы былғары комбинаты көне шаһар тұрғындарының оннан бір бөлігін жұмыспен қамтып, кеңес одағы тұсында 6,5 миллион дана аяқкиім шығарып, аты дүркірегені белгілі. Түрлі кезеңді бастан өткерген кәсіпорынның жұмысы бүгінде қайта жандана түсті.
Отбасы • 05 Қазан, 2023
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданында айналасына сүйеу болып, маңайындағы азаматтарға қарайласқан берекелі әулеттер аз емес. Республика деңгейінде ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы Мадали әулетінің мерейін тасытты. Көпбалалы отбасыны жергілікті жұрт «Меценаттар әулеті» деп те атайды.
Отбасы • 05 Қазан, 2023
Абзал деген азаматты сыртынан танып, сүйсініп жүргенімізге біраз болды. Қарапайым ауыл мектебінің мұғалімі. Туған жерінің тарихын тынбай зерттеп, шәкірттерін де сол жолға баулып жүрген ұстаз.
Пікір • 05 Қазан, 2023
Президент Жолдауларында қоғамда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Бұл қатарда ұстаздар қауымы да бар. Мұндай қадам еңбеккерлердің құқығы мен мүддесін қорғау деңгейін көтеріп, еңбек қатынастары туралы ұлттық заңдарымызды жетілдіріп, кәсіподақтардың орнын нығайтуға септігін тигізіп жатыр.
Ұстаз • 05 Қазан, 2023
Тау-тасынан тарихы тіл қатып, топырағынан тұлғалар толғанысы төгіліп тұратын Шыңғыстау қойнауы руханияттың қайнар көзі іспетті. Әсіресе көнекөздерден қалған әңгімелердің ақиқатын бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, келешегінің керегіне жаратуды ниет еткен ақылман ақсақалдары қандай десеңізші. Ұстаздық қызметін қалың ел таныған, сан шәкірті әлі күнге дейін өнегесін өмірлік азығы еткен сондай қарттың қатарында жазушы-ұстаз, білім беру ісінің үздігі Досымхан Тоққарин де бар.