Ғылым • 05 Қазан, 2023
PhD Мұхит Құлмағанбетов – Гонконгтегі кванттық офтальмология зертханасының жетекшісі. Ол Гонконг политехникалық университеті мен Канададағы Уатерлоу университетінің келісімімен ашылған зертханада ғалымдар тобымен лазердің кванттық параметрлерін пайдаланып, көздің диагностикалық құрылғысын әзірлеу үстінде. Бұл құрылғы көздің торлы қабығының нейродегенеративті ауруларын, оның ішінде глаукома, макулярлы дегенерация, альцгеймер, басқа да аурулардың алдын алып, дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Экономика • 05 Қазан, 2023
Уран мен мұнай акциясына сұраныс артып келеді
Кейінгі уақытта елімізде уран мен мұнай бағасының құбылуы «ҚазМұнайГаз» бен «Қазатомөнеркәсіп» акцияларына сұранысты арттырып отыр.
Аймақтар • 05 Қазан, 2023
Май ауданының бір топ тұрғыны айдың-күннің аманында ортақ пайдаланымдағы жерлерінен айырылып отыр. Айтуларынша, жергілікті әкімдік өкілдері «Бәсеке», «Қылышбек», «Бақбер» шаруа қожалықтарына және 4 жеке азаматқа тиесілі 122 гектар жерді конкурсқа шығарудан бас тартқан. Онымен қоймай, сонау 1998 жылдан бері өздері шөбін шауып келе жатқан шүйгін жердің 18 гектарын өзге тұрғындарға негізсіз беріп жіберген.
Пайдалы қазбалар • 05 Қазан, 2023
Мұнай дипломатиясы һәм Қазақстан
Қара алтын сегментіндегі қазіргі жағдайға сарапшылар «белгісіздік кезеңіндегі мұнай дипломатиясы» деп баға беріп үлгерді. Әзірге бұл майданның басты ойыншылары кім екені нақтыланған жоқ. Тіпті әлемдік мұнайдың қомақты бөлігін уысында ұстап отырған, өзін басты ойыншылардың қатарында танытып келген Ресейдің де тек мұнай құбырына тәуелді екенін 2022 жылдың басында байқадық.
Өндіріс • 05 Қазан, 2023
Елімізде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұйымдастырған «Отандық өндіріс» медиа жобасы қанат қақты. Бұл жоба отандық өнеркәсіпті насихаттауға, Қазақстан кәсіпорындарының оң тәжірибесін көрсетуге, елішілік құндылық идеяларын насихаттауға бағытталған. Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланға арналған киімдер, тұрғындарға арналған мамық күртелер мен аяқкиімдердің барлығы Алматыда дайындалатындықтан баспасөз туры да осы қаладан басталды.