Көрме • 04 Қазан, 2023
Астанадағы «Атырау» көпірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлеріне: құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтер, өрт сөндірушілер, ұшқыштар, психологтер, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілерге арналған әмбебап фотокөрменің ашылу рәсімі өтті.
Қоғам • 04 Қазан, 2023
Шытырман хикаялы проза жанрында қалам тартқан жазушылардың арасында шоқтығы биік тұлғалардың бірі, журналист, қоғам қайраткері Кемел Тоқаев – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Екінші дүниежүзілік соғыстан орала сала, С.Киров атындағы университеттің тарих-филология факультетінің журналистика бөлімінде білім алды. Жазушылық кәсібінің әліппесін университетте жүріп үйренді. Ел руханиятының асыл қазынасын толықтыру жолында талмай қызмет еткен қаламы жүйрік жазушының 100 жылдық мерейтойы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кемел Тоқаев аудиториясы ашылды.
Өнім • 04 Қазан, 2023
Отандық ғалымдар кәбіл-өткізгіш өндірісінде жаңа әдіс ойлап тапты. Оны қолданудың нәтижесінде полимерлі кәбілді оқшаулаудың ыстыққа төзімділігі 40 пайызға артты. Осылайша, жаңа әдіспен әзірленген ыстыққа бұрынғыдан әлдеқайда төзімді кәбілдер эскпортқа шығып та үлгерген.
Ұстаз • 04 Қазан, 2023
Англияда оқып, ауылды таңдаған
Аралбек Берікұлы Ұлыбританияда оқыпты. Liverpool John Moores University-ді тәмамдаған. Мұндағы бағдарлама шетелде мұғалімдік қызмет атқаруға мүмкіндік береді. Бірақ шетелден түскен небір ұсыныстан бас тартып, елге оралыпты.
Білім • 04 Қазан, 2023
Заман өзгереді, буын алмасады, ұрпақ жаңарады. Бірақ мұғалімнің орны – қашанда төр. Осы орайда біз үш буынның өкілімен тілдестік. Сауалдамаға X буынның өкілі, 36 жылдық еңбек өтілі бар математика пәнінің мұғалімі Шәріп ТҰРАП, Y буынның өкілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектепте 20 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Арайлым БЕКБОСЫНОВА, сондай-ақ Z буынның өкілі, информатика пәнінің мұғалімі, еңбек жолын бастағанына екі жыл ғана болған Айдана ШАЛҚАРҚЫЗЫ қатысты.