Қоғам • 07 Қазан, 2019
Жатақханадағы жайлылыққа қол жетпей жүр
Оқу жылы басталғалы да бір айдың жүзі ауды. Қалаға келген студенттер жатақхана мен пәтерлерге орналасып болды. Олардың бірқатары студенттік жатақханаларды қолай көрсе, екіншілері пәтер жалдап тұруды жөн санайды. Құны шарықтап тұрған пәтерлерді жалдауға әлі де болса жатақханалардағы орындардың жеткіліксіздігі мен кейбір жастардың үй жағдайында өмір сүруді қалауы себеп.
Қоғам • 07 Қазан, 2019
Солтүстіктегі теріс сальдо немесе көрші елге қоныс аударушылар неге көп?
Петропавл қаласы бүгінде көп өзгерген. Орталық көшелердегі ескі үйлердің бәрі сүріліп, жаңадан биік, әсем үйлер тұрғызылған көрікті мекенге айналды. Сауда орындары да жетерлік. Кейбір қалтарыстағы көшелерде қызыл кірпішпен қапталып, бой көтерген жер үйлер көздің жауын алады.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Түйіршік отынды тұтына бастады
«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК көмір мен көгілдір отыннан біртіндеп бас тартпақ. Бұл жөнінде аталған ұйым өкілдері арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлім етті. Кәсіпорын алдағы уақытта түйіршік отынды пайдаланбақ ниетте.
Аймақтар • 07 Қазан, 2019
Ірі қаржы институттары аймақтарды қаржыландыруға әзір
Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімі күшеюіне де байланысты. Бұл орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қолға алған игі істер аз емес. Бүгінде қомақты инвестиция талап ететін ең жоғары жаңа технологияларға өту жасыл қаржымен байланыстырылмақ. Сондай-ақ жаңа экологиялық кодекс қабылданатын болады. Құжат биылғы жылдың аяғында Парламентке ұсынылады.
Руханият • 07 Қазан, 2019
Тақтакөпір көтерілісі: күштеп ұжымдастыруға қарсылық
Кеңес өкіметін орнату кезінде қазақтың 50 пайызына жуығы қырылғандығын архив құжаттары бүгінде тайға таңба басқандай дәлелдейді. Большевиктер билігін қазақ даласында қуана қарсы алғандар қарасы аз болыпты. Зорлық-зомбылыққа, күштеп ұжымдастыруға сүйенген билікке кім қолдау көрсетеді дейсің? Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсылықтың өрши түскені де сондықтан. Соның бірі әрі алғашқысы Тақтакөпір көтерілісі дейді тарихи деректер.