Аймақтар • 29 Қазан, 2019
Қарағанды облысындағы Саран қаласында 173 адам бүгінде сұранысқа ие тігінші, аспаз, кондитер, электр монтері, жүйелік әкімші, шаштараз және басқа да мамандықтар бойынша қысқа мерзімді қайта оқыту курстарынан өтті.
Қазақстан • 29 Қазан, 2019
Қазақстандық әскерилердің жұмысы тиянақты
Біз жедел ден қою жасағында жұмыс істейміз. Жалпы, Арыс оқиғасы сынды жағдайлар әлемде жиі болып тұратынын айтқым келеді. Кейбір елдер төтенше жағдайлар орын ала қалған кезде өзге тараптардың көмегінсіз барлығын орнына келтіруге қабілетті. Ал кейбір мемлекеттерде қажетті тәжірибе, білім немесе жабдық жоқ. Сондықтан көп жылдар бұрын АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті төтенше жағдай орын алған елге шұғыл түрде өз адамдарын жіберіп, мүмкіндігінше көмегін ұсына алатын команда құрды.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Соңғы кезеңде батыс елдерінде адам өмірінің стандарттала бастағанын байқауға болады. Бұл елдерде адамның оқып, жетіліп дамуына бөлінетін әлеуметтік шығындардың ұлғайтылуын, адамның еңбек етуіне, білім алуына, денсаулығын күтуіне қолайлы жағдай туғызылуын, экономика арқылы түсетін кірістерді бөлу мұқият қаралып, бұл ретте Джини коэффицентінің (адамдар арасындағы табыс айырмашылығының көрсеткіші) қолданылуын соның бір көрінісі ретінде бағалауға болады.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
«Мал ашуы – жан ашуы» дейді қазақ. Арқа еті арша, борбай еті борша болып жүріп өсірген азын-аулақ малы суық қолдылардың оңай олжасына айналса, халықтың қаны қайнамағанда қайтеді. Өкінішке қарай, құқық қорғаушылар құрықтауға қанша тырысқанымен, жер-жерде жұрттың ақ адал малын айдап кету фактілері көбейіп барады. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туиттер парақшасында: «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» деп жазғаны мал ұрлығының өршіп бара жатқанына байланысты.
Экология • 29 Қазан, 2019
Қазақтың қоршаған ортасы ғажайыпқа толы ғой. Әсіресе тұмса табиғаттың тума төлі таңдап, талғап тіршілік ететін бірегей мекенге лайық өлкеге баймыз. Мәселен, арғы тегі адамзаттың түпсанасымен бірге өрбитін киік жануарына қатысты ғаламшардың ғалымдары таңғалатын құбылыстың дені қазақ даласына ғана тән дейді.