Экология • 03 Қазан, 2019
«Экологиялық сағат» акциясы аясында Бейбіт Атамқұлов ағаш отырғызды
Бүгін Бейбіт Атамқұлов бірінші республикалық экологиялық сағат аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы №75 мектеп-гимназиясына барды. Онда биология пәнінен ағылшын тілінде өткен «Қоршаған ортаның ластануы» атты ашық сабаққа қатысты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлері бас қосады
4 және 6 қазан аралығында Орталық мемлекеттік музейде дәстүрлі «Алтын алма» қолөнер жәрмеңкесі басталады.
Экология • 03 Қазан, 2019
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі ағаш отырғызуға қатысты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Бүкіләлемдік қоршаған ортада мекендеу орнын қорғау күніне арналған «Республикалық экологиялық сағат» ауқымды акциясы аясында Нұр-сұлтан қаласындағы № 58 мектеп-гимназиясында оқушылар мен ұстаздар қауымы алдында құттықтау сөз сөйлеп, мектеп жанындағы учаскеде ағаш отырғызуға қатысты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 03 Қазан, 2019
Мәжілісте еліміздің бас қаржы құжатына қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті
Бүгін Мәжілісте «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті. Оған Мәжіліс депутаттарымен қатар, заң жобасын әзірлеуші, өзге де мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Маңғыстау облыстық сотында жұртшылықпен кездесу өтті
Маңғыстау облыстық сотында сот жүйесіндегі жаңа электронды технологиялармен таныстыру мақсатында жұртшылыққа арналған пресс-тур өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.