Президент • 03 Қазан, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге келді
Мемлекет басшысы «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Руханият • 03 Қазан, 2019
Алматыда Кәріпбек Күйіков картиналарының көрмесі ашылады
Бүгін алғаш рет Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтың жеке көрмесі ашылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 03 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда 11-12 қазан күндері «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді
11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көрме» орталығында әр өңірден іріктеліп, үздік атанған отандық тауар өндірушілер жиналатын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді. Шараға республиканың әр өңірінен үздік тауар өндірушілер жиналады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Медицина • 03 Қазан, 2019
Алматыда асқазан ауруларының Орталық-Азиялық конгресі өтіп жатыр
Бүгін Алматыда VI Халықаралық «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта - 2019» конгресі (ОАГА) өз жұмысын бастады. Конгреске қатысу үшін Алматы қаласына 500-ден астам делегат, оның ішінде алыс және жақын шетелдерден 75 лектор, гастроэнтерологтар, терапевтер, инфекционистер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатрлар, онкологтар, зертханалық және функционалдық диагностика саласындағы мамандары келді.
Саясат • 03 Қазан, 2019
Министрлер айыппұл төлеуі тиіс
Сенатта бюджеттің тиімсіз орындалғаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.