Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Үшінші күн стансасы іске қосылды
Шет ауданындағы Ақадыр кентінде қуаты 50 МВт болатын күн электр стансасы пайдалануға берілді. Аумағы 125 гектар жерді алып жатқан нысанда қуатты қосалқы стансалар мен 150 мың гелиопанель орнатылған. «Ақадыр» деген атау алған күн электр стансасы Қарағанды облысы әкімдігінің «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлескен жұмысының нәтижесінде немістің Solarnet Investment GmbH компаниясының жеке инвестицияларына салынды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Түркістанда азық-түлік белдеуі қалыптастырылуда
Түркістанда 2500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жыл сайын қосымша 30 млрд теңгелік ауылшаруашылық өнімі өндірілетін болады. Осы мақсатта бүгінде жалпы құны 62,9 млрд теңге болатын 7 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары қолға алынған.
Руханият • 03 Қазан, 2019
Кәсіби мереке қарсаңында елорданың үздік ұстаздары мапаратталды
Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында білім саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Руханият • 03 Қазан, 2019
Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірден озғанына – 1 жыл
Шерхан Мұртаза! Бұл есімнің халық жадында жатталғанына елу жылдан асып кетті. Сол елу жылда әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан жұлдызы еш көмескіленбей, қайта бұрынғыдан да жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті. Бір кезде «айналасы жұп-жұмыр тегіс келген» әңгімелерден бастаған жазушы қазақ әдебиетіне көп томдық роман әкелген санаулы қаламгердің биігіне көтерілді. Қызметін баспаның редакторлығынан бастап, ұзақ жылдар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы, Парламент депутаты болып, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрді.
Аймақтар • 03 Қазан, 2019
Екі адамның өмірін қиған күдікті ұсталды
Оқиға осы жылдың 9 қыркүйегінде Петропавлдың Заречный кенті аймағында болған. Кенттің бір тұрғыны көрші үйдің маңында бір адамның бөлшектенген мәйіті жатқанын ішкі істер бөліміне хабарлаған.