Видео • 28 Қазан, 2019
ҚазҰУ-да «Egemen Qazaqstan» газетінің күндері өтті (видео)
Биыл өзінің ғасырлық тойын межелейтін «Egemen Qazaqstan» газетінің дара тұрар датасына арналған түрлі шаралар шоғыры еліміздің әр өңірінде салтанат құруда. Танымды ой мен тағылымды сабақтастықты ту еткен кезекті басқосу ел тарихындағы талай тұғырлы тұлғаларды түлеткен білімнің қарашаңырағы Қазақ ұлттық университетінде жалғасын тапты. Аталмыш оқу ошағындағы қазақ сөз өнерінің киелі ұстаханасына баланатын журналистика факультетінің қабырғасынан «Egemen Qazaqstan» газетінің оқу-шығармашылық зертханасының ашылғанын сүйіншілеп айта кеткен ләзім.
Үкімет • 28 Қазан, 2019
А. Жұмағалиев: Біз Big Data саласында белсенді жұмыс істеуге ниеттіміз
Цифрландыру саласындағы әлемдік сарапшылар бас қосып, Big Data- ауқымды деректерді өңдеу саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев төрағалық еткен халықаралық сарапшылар кеңесінің алаңында өтті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бокс • 28 Қазан, 2019
Төрт боксшымыз Токиода жұдырықтасады
Бүгін Токиода бокстан тестік турнир басталады. Олимпия ойындары қарсаңында дәстүрлі түрде өтіп тұратын айтулы жарыста көптеген мемлекеттерден келген бірқатар белді былғары қолғап шеберлері бақ сынайды.
Үкімет • 28 Қазан, 2019
Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады
2019 жылғы 30 қазанда Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қазан, 2019
Оралда халықаралық вокалистер байқауы өтті
Орал қаласында 18-28 жас аралығындағы әншілер арасында І халықаралық вокалистер конкурсы өтті. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен сайысқа Қазақстан мен Ресейден 21 үміткер қатысты.