Қоғам • 04 Қазан, 2022
Қазақтың саны көп болмаса да, қазір күллі әлем назарына ілініп жүрген аса дарынды ұл-қызымыз аз емес. Әсіресе өнер мен спорт саласында. Дүние жүзіндегі тоғызыншы территорияны иемденіп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған батыр бабаларымыздың өршіл рухы бүгінгі ұрпағының бойында атойлап оянып, Мағжан Жұмабаев жазғандай, Алаш атын аспанға шығаратын шақ туғанын аңғартып тұрғандай.
Медицина • 04 Қазан, 2022
Тұмауға қарсы вакциналау басталды
ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық жағдай туралы өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова 2022 жылдың 3 қазанынан бастап Қазақстанның медициналық ұйымдарында тұмауға қарсы иммундау науқаны басталатынын хабарлады.
Медицина • 04 Қазан, 2022
Екпе алу сырқаттанудан сақтайды
Ақ желеңділер тұмауға қарсы екпе алуға ниет білдіретіндердің басым бөлігі егде жастағы адамдар екенін айтады. Биыл иммундық жүйесі әлсіреген, әсіресе онкология ауруы мен қант диабетіне шалдыққан, тыныс алу жолдары және қан айналым жүйесінде кінәраты бар науқас адамдарды ең әуелгі кезекте вакциналау жүргізілуде. Бұл мақсатта өңірге 90 мың доза екпе жеткізілді.
Медицина • 04 Қазан, 2022
Дені сау ұлт қалыптастырамыз десек...
Басты байлық – денсаулық. Көп жағдайда оның қадірін кеш ұғынамыз. Дерт асқынса ғана дәрігерге жүгіну – әдетіміз. «Ауылдың аты ауыл ғой» деп, көбіне қалада емделгісі келетіндер қаншама. Ал қалтасы қалың отандастар шетелге шығып ем қабылдап келеді. Расында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің жай-күйі көп жағдайда жұрт көңілін көншіте бермейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жіті мән берді. Басты байлық – денсаулық. Көп жағдайда оның қадірін кеш ұғынамыз. Дерт асқынса ғана дәрігерге жүгіну – әдетіміз. «Ауылдың аты ауыл ғой» деп, көбіне қалада емделгісі келетіндер қаншама. Ал қалтасы қалың отандастар шетелге шығып ем қабылдап келеді. Расында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің жай-күйі көп жағдайда жұрт көңілін көншіте бермейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жіті мән берді.
Аймақтар • 04 Қазан, 2022
Корпорация қолға алған игі бастамалар
«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Шымкент қаласының инвестициялық белсенділігін арттырушы аймақтық институт болып саналады. Қаланың инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында ұйым өзінің негізгі қызметінің бағыттарын айқындап үлгерді. Соның ішінде ӘКК көңіл бөлетін басты бағыт – Шымкент қаласындағы тұрғын үй құрылысы.