Аймақтар • 04 Қазан, 2022
Күнбағыспен көркейген шаруашылық
Жетісуда күнбағыс өсіру ісі қарқынды дамыған екі аудан бар, оның бірі – Сарқан болса, екіншісі – Алакөл ауданы. Екі аудан да егін егуден алдына жан салар емес. Оның үстіне шаруа иелері табысты дақыл ретінде ерекше мән беріп отыр. Бүгінде Алакөл ауданында күнбағыс егістігі 5 мың гектардан асты, дақылдың бұл түрімен 35 шаруашылық айналысады, шығымы орта есеппен гектарына – 8 центнер.
Әдебиет • 04 Қазан, 2022
Биыл Нобель сыйлығын қай жазушы алады?
Жұртты елеңдеткен Нобель сыйлығы қазан айының басында жеңімпаздарға табыс етіледі. Әлемдік алпауыт марапаттың додасына түсіп жатқан кіл мықты қаламгерлердің қайсысының бағы жанар екен деген сауал әдебиетке қатысы бар әр жүректе білте шамдай жанып тұрғаны шындық. Кім алса да, қаламы қуатты, шығармасы арқылы адамзатқа ой салатын қалам иесі алғаны дұрыс.
Әдебиет • 04 Қазан, 2022
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып бұрынырақта оқыған бір жақсы дүниелер мезет есіңе түседі. Мәселен, өткенде ғана газет бетінде Әмірхан Меңдекенің Шерхан Мұртаза туралы әдемі эссесі жарияланды. Сонда автор әлқиссасын «Алтын тікеннен» бастайды. Бұл әңгімеде әлдебiр дүниелiк музыка бар дейді. Сол мұңды әуен шығарманың соңына дейін бір үзілмейді деп жазады.
Аймақтар • 04 Қазан, 2022
Батыс Қазақстан облысында әйгілі дала дипломаты Сырым Датұлының 280 жылдығы мен Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедұлының 135 жылдығына орай бір апта бойы республикалық және облыстық деңгейдегі көпшілік-мәдени шаралар өтті.
Спорт • 04 Қазан, 2022
Волейболдан Нидерланд пен Польшада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды. С тобындағы Қазақстан құрамасы аталған мемлекеттердің Арнем және Лодзь қалаларында өнер көрсетті. Өкінішке қарай, барлық кездесуінде ойсырай ұтылған жерлестеріміз жарыс кестесінде ең соңғы орында қалып қойып, өз жанкүйерлерін жерге қаратты.