Спорт • 28 Қазан, 2019
Ауыр атлетика: Ертең Храпатыйдың турнирі басталады
Ертең Нұр-Сұлтанда ауыр атлетикадан даңқты отандасымыз, КСРО мен Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған республикалық турнирі басталады.
Парламент • 28 Қазан, 2019
Асқар Шәкіров Еуропа конференциясының жұмысына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) аясында Страсбург қаласында Парламент Төрағаларының Еуропа конференциясының жұмысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Қазан, 2019
Оралда полиция қызметкері суицид жасамақ болған қызды құтқарды
Орал қаласында Шаған өзеніндегі көпірден суға секіріп өлмек болған 20 жасар қызды полиция арнаулы жасағының жауынгері құтқарып қалды. Жыл басынан бері батыс қазақстандық полиция қызметкерлері осымен үшінші адамды суицидтен аман алып қалған екен.
Қазақстан • 28 Қазан, 2019
Комплаенс-офицерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін бірігеді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі KPMG Kazakhstan компаниясымен бірлесіп елімізде тұңғыш рет комплаенс-офицерлер форумын өткізді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 28 Қазан, 2019
Алматыда Әбіш Кекілбаев атындағы аудитория ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, xалық жазушысы Әбіш Кекілбаев атындағы аудитория ашылды. Асыл сөздің қасиетін емген өскелең ұрпақты Әбіш әлеміне жетелейтін дәрісхана заңғар жазушыны ең алғаш қанаттандырған Филология факультетінің қабырғасынан салтанат құрды.