Әдебиет • 04 Қазан, 2022
Өмірде кейбір құбылыстар тосыннан жалт етіп, санада бөгде бір терезе ашатыны бар. Сол шақта осы уақытқа дейінгі өмірің білместікпен босқа өтіп, өмір сүруді енді ғана бастағандай жаңарып, жаңғырып қалатын сәт туады. Бұл шуақты, парасатты құбылыс он бес жасымызда өмірімізде орын алыпты. Күнделігімізге тосаң оқиғаны сүйіншілей қуанып, Ақберен Елгезектің поэзиясын оқуға зердеміз жетті деп мақтана жазыппыз.
Аймақтар • 04 Қазан, 2022
Түркістан қауіпсіз қалаға айналады
Түркістан қаласының полиция басқармасында 500-ден аса қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспектор қоғам тыныштығына үлес қосып келеді. Қалада қылмыстың азаюына соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы да өз септігін тигізуде. Сондай-ақ бүгінде тәртіп сақшылары өз қызметінде киелі қаланы қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала ету бағытына басымдық беруде.
Білім • 04 Қазан, 2022
Ұстаздар күні мерекесінде мұғалімнің мерейін өсірген игілікті істің бірі Қарағанды облысында да жалғасты. Өңірдің білім саласына үлес қосқан бір топ ұлағатты ұстазға «Қарағанды облысы білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісімен бірге 1 млн 225 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Бұл сыйлық бірнеше жылдан бері тағайындалып келеді. Биыл «Қарағанды облысы білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісін бес ұстаз иеленді.
Ғылым • 04 Қазан, 2022
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Экология • 04 Қазан, 2022
EcoStudentKZ челленджіне павлодарлық студенттер де үн қосты. Дүйсенбі күнгі эстафеталық іс-шараға 40-тан астам белсенді студент атсалысып, жастар облыс орталығындағы Усолка өзенінің жағалауын қоқыстан тазартуға жұмылды.