Аймақтар • 03 Қазан, 2022
«Үздік маман-2022» жеңімпаздары марапатталды
«QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның жыл сайын дәстүрге айналған «Үздік маман-2022» деп аталатын газ саласы мамандарының кәсіби шеберлігін байқайтын конкурсы да өз мәресіне жетті. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Оқу-курстық комбинаты филиалының Шымкент қаласының іргесіндегі Ақбұлақ ауылында орналасқан оқу алаңында өткен жарыстың жеңімпаздары алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қаржы • 03 Қазан, 2022
Нарықты дамыту қалай жүзеге асып жатыр?
Қаржы саласында дүркін-дүркін өзгеріс болып жатыр. Оның бірі жаһандық әсерге байланысты жоспардан тыс пайда болса, енді бірі мемлекеттің бастамасымен жүзеге асырылады. Қайсысы болсын, қаржы нарығы тұтынушыларының игілігі үшін іске асырылады. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері саладағы бірқатар мәселені ел алдында баяндап, даму үрдістерінің қазіргі үдерістерін сипаттады.
Аймақтар • 03 Қазан, 2022
EcoStudentKZ челленджі Шымкенттен бастау алды
Шымкент қаласындағы сегіз оқу орнының студенттері өткен сенбіде шаһардағы Қошқар ата өзенінің жағалауын тазалап, алғашқы болып республикада EcoStudentKZ челленджін бастады. Осылайша, туған жердің экологиялық мәселесіне жанашырлық танытқан шымкенттік жастар эстафетаны Павлодар қаласының жастарына жолдады.
Білім • 03 Қазан, 2022
Ғасырлық тарихы бар Қайнар орта мектебі – еліміздің ғылымы мен білімін, экономикасы мен мәдениетін дамытуға мол үлес қосқан мыңдаған талантты тұлғаны тәрбиелеген бай тарихы бар, көне мектептердің бірі.
Қоғам • 03 Қазан, 2022
Еліміздің Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Өскемендегі «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде өңір жұртшылығымен кездесіп, салада қолға алынған ауқымды реформаларды түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Кездесу тікелей әлеуметтік желілер арқылы да таратылды.