Қоғам • 03 Қазан, 2022
Жақында шымкенттік полиция қызметкерлері құрамында 11 мүшесі бар ұйымдасқан топтың қылмысын әшкереледі. Бұл топ біраз уақыттан бері Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында адам сатумен айналысқан. Ең сорақысы, қылмыстық топ «жыныстық құлдыққа» жегу үшін кәмелетке толмаған жеткіншектерді де аяусыз саудаға салып келген.
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Қазан, 2022
ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-саяси өмірдің жандануымен ұлттық элитаның елдік мәселені шешуге бағытталған қоғамдық қызметтері, сол кездегі басты бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – баспа ісі мен баспасөздің кең таралуына алғышарттар қалыптастырды. Білімді, көзі ашық интеллектуал қауымның ортасында ұлттың ұлттық мәні мен мазмұны, соған сәйкес әлеуметтік саяси санасы, бейнесі талқыланып, ұлттық мүдделері саяси деңгейде тұжырымдалып, ұлт болып қалыптасудың негіздемелері идеялық деңгейде баспасөзі арқылы халыққа жеткізілді. Бұл арнада қазақ халқының ұлттық рухы мен сана-сезімін оятуға бағытталған Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» атты шығармасы мен Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты еңбектерінің маңызы зор болды.
Руханият • 03 Қазан, 2022
Ел тәуелсіздігі жолында күрескен тұлғалар өмірін зерттеп, тарихи әділдік тұрғысынан қарау – бүгінгі тарих ғылымының алдында тұрған келелі іс. Осы орайда архив қойнауында жатқан құжаттар негізінде кезінде солақай саясат салдарынан нақақтан-нақақ жала жабылып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған қайраткерлердің өмірін терең зерделеу ісі жалғасып келеді.
Әдебиет • 03 Қазан, 2022
Дауылпаз ақын, қазақтың көне жыраулық өнерінің ірі өкілі Ақтамбердінің халқына қалдырған сөзі ұлтымызға әрдайым рух беріп келеді. Бар өмірі басқыншылармен күреске арналғаны «Он жетіде кұрсанып, Қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, Құдай, тілекке!» деген жыр жолдарынан анық аңғарылатын Ақтамбердінің елдікті сақтауға, туған жерді қорғауға үндейтін өлеңдері өзінің өміршеңдігін көрсетіп, халықтың жылы жүрегінен орын алған.
Әдебиет • 03 Қазан, 2022
Гүл – сұлулық пен ізгілік рәмізі
Кең байтақ қазақ поэзиясында гүл туралы тұңғыш өлең жазған ақын кім екен деп ойға қаласың кейде. Абай бастаған берідегі ақындардың қай-қайсысынан болсын кездестіреріміз анық-ау. Біздің даланың топырағы ұлы, тамыры терең болмаса Абай қайдан шықты деген сұрақ көлденеңдейді. «Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл, сипаттауға қызығын жетпейді тіл» (Біржан сал) дейтін жолдар да жоқтан туа сала ма? Қайткен күнде қазақ топырағына біткен құнардан өнген өлең-жырдың тамыры тым-тым тереңде екені талас тудырмайды.