Мүсін өнері мүмкіндігін танытқан «Алтын бағыт» атты көрме елордадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде тұсауын кесті. Бұл көрменің өтуіне көрнекті мүсінші, Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы, өнерде өзіндік қолтаңбасымен танылған Шоқан Төлеш мұрындық болды.
Аймақтар • 28 Қазан, 2019
Тараз қаласында ел көптен күткен «Aspara Fashion week TARAZ – 2019» сән апталығы өтіп, оған Еуропа мен Азиядан 15-тен астам сала сарапшылары мен әлемнің 10 мемлекетінен танымал дизайнерлер қатысты.
Аймақтар • 28 Қазан, 2019
Бірыңғай чешен ұлты қоныстанған Красная Поляна ауылында 43 шаруа қожалығы, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Жұмыссыздық мүлде жоқ, ажырасу да тіркелмеген. Сексеннен астам Күміс және Алтын алқа иегерлері перзенттерін аялап өсіріп жатыр.
Спорт • 28 Қазан, 2019
«Астана» қақпасына жауапсыз алты доп соқты
Өткен аптада футболдан Еуропа лигасының 3-тур ойындары өтті. «L» тобында сынға түсіп жатқан елорданың «Астана» командасы Нидерландқа қонаққа барып, жергілікті «АЗ Алкмар» командасынан ірі есеппен жеңіліп қалды.
Теннис • 28 Қазан, 2019
Теннис тарландарының текетіресі
Әлемдік теннистің майталмандары испаниялық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович Нұр-Сұлтанда бас қосып, қайырымдылық матчын өткізді. Екі теннисшінің арасындағы 55-ші кездесуде испаниялық теннисші жеңіске жетті.