Аймақтар • 28 Қазан, 2019
Қостанайда Омар Шипиннің 140 жылдығы аталып өтті
Ақынның 140 жылдығына арналған дөңгелек үстел мәжілісі оның туған жері Алтынсарин ауданындағы Силантьев ауылындағы Мәдениет орталығында өтті. Оған белгілі журналист Қажы Қорған, журналистика ардагері, Ұлы отан соғысының ардагері, ақын Қасымхан Алдабергенов, ақынның немересі Мұхаметқали Шипин және басқалар қатысты.
Кино • 28 Қазан, 2019
Қазақ киносының пұшпағынан ұстап айырылмай жүргеніме де біраз жыл. Пұшпағынан айырылмаспын-ау, оны енді илеу керек емес пе? Илетпеді ғой... C.Параджанов деген қолтаңбасы ерек, тамаша режиссер өткен өмірден. Сол жарықтық өмірінің соңғы сәттерінде көзі жасаурап отырып айтқаны бар еді: «Менің «байлауда» өткен (ол кісінің фильмдері полкада жатып қала беретін), айдауда өткен (ол кісі түрлі жаламен бес жылға сотталған еді) он бес жылымды енді еш нәрсе толтыра алмайды» деп. Біз енді Параджановқа теңесе алмаспыз. Десе де он жылдай «Қазақфильмнің» есігінен сығалай алмай кеткен жылдар... Шіркін-ай... рахаттана жұмыс істейтін жылдар еді...Енді, сол, қолымыз бос болған соң, ойланамыз... «Қазақфильм» жөнінде. Қазақ киносының қазіргі қалып-сойы турасында. Сөз етпек негізгі дүниелерді “қазақ киносының төрт қасіреті” деп те атауға болар еді, бірақ биік пафос қашан да ұран күйінде қалады. Сол себепті, жалаулатпай-ақ қоялық. Жай ғана түйін болсын.
Жазушы жас оқырмандарымен жүздесті
Пернебай Дүйсенбин оқырман қауымға балалар жазушысы ретінде белгілі. Ол әр жылдары ұйымдастырылған республикалық жабық бәйгелердің бірнеше рет жеңімпазы атанды. Қаламгердің қаламынан ауыл балаларының өмірін қамтыған бірнеше повесть, әңгіме, өлең, ертегілер туған. Сонымен қатар жазушы шығармашылығынан Жапонияның Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасының зардаптары, халықтар достығы секілді мәселелер де тыс қалмаған.
Аймақтар • 28 Қазан, 2019
Руханият • 28 Қазан, 2019