Футбол • 27 Қазан, 2025
Футболшы Андрей Морев дүние салды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев 52 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 27 Қазан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздары диктант жазды
Республика күні қарсаңында Астанадағы ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу жайы» атты еңбегі негізінде ашық республикалық диктант өтті. Шараға жүзге жуық әскери қызметші қатысып, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сауаттылықты арттыру мақсатын көздеді, деп жазады Egemen.kz.
Жоба • 27 Қазан, 2025
Елорда оқушыларының өнертабысы теміржол саласына жаңалық әкелді
11-сынып оқушылары Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» атты жобаларын таныстырды. «ҚТЖ» компаниясының хабарлауынша, жас өнертапқыштар рельстерді біріктірудің төрт бірдей жаңа әдісін ұсынып, олардың барлығы Қазақстан Республикасында патенттеліп, Женевадағы халықаралық тіркеуге жолданған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қазан, 2025
Оман астанасында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде ел құрамасы барлық қарсыласын ойсырата жеңіп, чемпион атанды. 12 елдің үздіктері жиналған додада спортышаларымыз бірде-бір ойында ұтылған жоқ, нәтижесінде Азияның жоғары дивизионына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.