Медицина • 28 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда «STOP Туберкулез» акциясы қорытындыланды
Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өткен «STOP туберкулез» атты айлық акциясы қорытындыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Қазан, 2019
Лотерея бизнесіне қосымша құн салығы қалай әсер етеді?
Лотерея бизнесіне әлеуметтік алымдардан бөлек қосымша құн салығы салынды. Салық ауыртпалығының артуына байланысты дамып келе жатқан нарық едәуір бәсеңдеді. Қазақстандағы лотерея бизнесі үшін салық ауыртпалығын төмендету – нарықты дамытудың басты мәселесі болып табылады. Қызметтің бұл түріне қосылған құн салығын (ҚҚС) салу 2018 жылы екі жылдық қызмет барысында енді дамып келе жатқан «Сәтті Жұлдыз» АҚ бірыңғай лотерея операторына соққы болды.
Технология • 28 Қазан, 2019
Дамуды ойлағандар цифрландыруға бет бұрады
Халқымыз «судың да сұрауы бар» дегенде, үнемді меңзесе керек. Молшылық өндіргеннен емес, үнемнен жасалады. Қазір жұрттың барлығы да сауатты. Білгенге үнемделген уақыттың өзі табыстың кепілі, қаржының көзі болып саналады. Цифрландырудың түпкі мақсатының өзі осы үнем әрі темірдей тәртіптің іргетасы екенін облыс диқандарының барлығы соңғы жылдары сезіне бастады. Солардың бірі – кәнігі диқан Ыбыраш Естаев.
Әлем • 28 Қазан, 2019
NASA: Ай бетіне құлаған «Викрамның» ізі көрінбеді
АҚШ-тың аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша ұлттық басқармасы үндістандық «Чандраян-2» аппаратының Ай бетінен іздері табылмағанын хабарлады. Бұған дейін, нақты айтқанда, 7 қыркүйекте Үндістанға тиесілі планетааралық стансаның Айдың оңтүстік полюсі аймағына қонғаны туралы хабарланған еді.
Әлем • 28 Қазан, 2019
Жүк машинасынан 39 адамның денесі табылды
Ұлыбританияның Эссекс қаласында 39 мүрде тиелген жүк машинасы табылды. Алғашқы хабарларда қаза тапқандардың Болгария азаматтары екені мәлімделді. Алайда, анықтай келе, олардың кейбіреулері Қытайдан, ал енді біреулері Вьетнамнан келгені хабарланды. Қытай үкіметі Британия полициясынан тергеуді жеделдетуді сұрады. Лондондағы иммиграция бақылауына жауапты департамент алдында марқұмдарды еске алу шарасы өтті.