Аймақтар • 26 Қазан, 2022
Атырауда Республика күніне орай ақындар айтысы өтті. Айтулы мерекеге арналған «Егемендігім – ерен елдігім» атты сөз сайысына Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Астана қаласынан 16 ақын қатысты.
Руханият • 26 Қазан, 2022
Елорда іргесіндегі көне Бозоқ қалашығын қайта құру және археология ескерткішінің түпнұсқасын сақтап ботай, сақ, ғұн, түркі тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жоба – «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылысы басталды. Мазмұнды шара аясында игілікті істің басталғанын бейнелейтін «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Мемлекет тарихы иинстиутының директоры Еркін Әбіл, белгілі археолог Зейнолла Самашев т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қазақстан • 26 Қазан, 2022
Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесті
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Қазан, 2022
«URKER-2022» Ұлттық бәйгесі номинанттары жарияланды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Қазан, 2022
Астанада және республиканың 13 облысында ескерту жарияланды
Елорда мен еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.