Технология • 29 Қазан, 2020
Ақылды роботтар адамды алмастыра ма?
Әлем бойынша алдағы онжылдықта еңбекке жарамды жастардың 40 пайызына ғана жұмыс бұйырмақ. Демек технология дамыған дәуірде тиісті мамандарды «темір адам» алмастырады деген сөз. Халқы көп Қытайдың өзінде 70 пайыздан астам жұмыс орнының қысқартылу қаупі бар. Бүгінде роботтар Apple өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың 60 мың қызметкерін жұмыссыз қалдырған. Ал Amazon компаниясы кассасыз супермаркеттер желісін ашуда. Бұл аз уақытта роботтандыру ғасырына аяқ басатынымызды аңғартатындай.
Кино • 29 Қазан, 2020
«Жаңа толқын» режиссерлерінің ішінде Әділхан Ержанов есімі ерекше аталады. Әсіресе француз кино мамандары мен көрермендерінің сүйікті суреткеріне айналған қазақтың қара баласы әлемнің небір үздік фестивальдарына жолдама алып, ұлттық кино өнеріміздің байрағын әманда тек биікте желбіретіп келеді. Осыдан біраз бұрын Әділханның «Қап-қара адамы» Францияда жалпыұлттық прокатқа шықты деп қуансақ, енді міне, араға аз ғана уақыт салып «Ұлболсын» туындысының тұсауы Таллинде кесіледі!» деген жағымды жаңалықпен киносүйер қауымнан тағы да сүйінші сұрамақпыз.
Өнер • 29 Қазан, 2020
«Құштарлық» билеген «Түйсік» және Дэвидтің дебюті
Ұзақ үзілістен кейін «Астана Балеттегі» әдемі әлем көрерменіне есігін қайтадан айқара ашпақ. Сегізінші театр маусымын мерекелеуге қызу дайындықты бастап кеткен өнер ұжымы алдағы аптада үш бірдей қойылымның тұсауын кеседі. Карантин тәртібіне бағына отырып, жай-жайлап жанданып келе жатқан театр жұмысы бекзат өнер жанкүйерлерін шын қуантты. Онлайн тәртіпте билет алуға асыққан көрерменнің қарасы да сұлу өнерді сағынған қауымның сағынышын әйгілеп тұрғандай.
Өнер • 29 Қазан, 2020
«Абай» операсының кейіпкерлеріне арналады
Қараша айында «Астана Опера» театрында ұлы ағартушы, ойшыл, философ, ақын әрі композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай» операсының кейіпкерлері» атты көрме ашылады. Экспозицияда «Оскар» сыйлығының иегері Франко Скуарчапиноның ұлттық классиканың жауһары – М.Әуезовтің либреттосына жазылған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсына арнап дайындаған костюмдері қойылады.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Шекарадан шығарылған шетелдіктер
Көп адамның арасында кім жүргенін құқық қорғаушылардан өзге ешкім тап басып айта алмайды. Ал азаматтығы анықталмағандар жүрсе, не деуге болады? Дәл сондайлар Атырауда да бар екен.