Ең қысқа әңгіме • 01 Қазан, 2020
Көктемірдің көтерілісін кім басқарды?
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейінде ХVІІІ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры – Сапура Мәтенқызының жорық жолдарымен жүріп өткен тарихи-танымдық экспедиция жұмысы қорытындыланды. Жақында жергілікті тарихшылар мен өлкетанушылардан құралған топ Қобда және Ойыл аудандарына сапармен барып, Елек пен Қобда өзендерінің қиылысында батыр қыз сарбаз жинап, жасақ құрған жерлерді аралап келген болатын.
Тарих • 01 Қазан, 2020
Хаттар генерал өмірінен сыр шертеді
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толды. Кеңес Одағы мен фашистік Германияның арасындағы алапат майданға қазақ даласынан жүз мыңдаған адам жұмылдырылды. Қатардағы жауынгерден бастап әскери білімі бар санаулы қазақ офицерлері соғыс қимылдарына қатысты. Солардың бірі де бірегейі болған Шәкір Жексенбаев туралы қазіргі ұрпақ біле ме екен?
Саясат • 01 Қазан, 2020
Мигранттар мәселесі оңтайлы шешілді
Жаһандық пандемия алқымнан алған кезде амалдың жоқтығынан біздің еліміздің де шекара есігін бекітуіне тура келді. Алайда, Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын негізгі транзиттік дәліз саналатындықтан шекара есігін мүлде шегелеп тастадық деуге тағы ауыз бармайды. Мысал ретінде еліміздің Сыртқы істер министрлігінің 243 мигрантқа транзиттік дәліз ұсыну мәселесінде Өзбекстан мен Тәжікстандағы әріптестерімен келісімге келгенін айтуға болады.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Жаһанды жайлаған коронавирус індеті талайдың тағдырына қауіп төндіріп, талайдың өмірін қиды. Соңғы бір ғасыр бедерінде болмаған ауыр сынақ Қазақ елін де айналып өткен жоқ. Бұл кезеңде мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Әлі де нақты жоспарлар бар.
Қоғам • 01 Қазан, 2020
Әйелдерге әлімжеттік жасау тыйылмай тұр
Биылғы пандемия денсаулық сақтау саласына түсірген ауыртпалығынан бөлек, бірқатар әлеуметтік мәселелердің шетін шығарды. Білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік осал топтарды қамтамасыз ету, отбасының ахуалы секілді тақырыптар барлық мемлекеттердің күн тәртібіне шықты. Осының ішінде пандемия салдары отбасылар үшін аса ауыр соққы болды.