Үкімет • 24 Қазан, 2019
Бердібек Сапарбаев Шымкент қаласына барды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Шымкент қаласына барды. Оның құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин болды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Парламент • 24 Қазан, 2019
Сенатта «Коллекторлық қызмет туралы» дөңгелек үстел өтті
Сенатта коллекторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Қазан, 2019
Елордада үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеренің күнімен құттықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кино • 24 Қазан, 2019
Лондонда қазақ киносының апталығы өтеді
28 қазанда Лондонда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен қазақ киносының апталығы өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Қазан, 2019
Сенаторлар «Жастар кадрлық резерві» жобасының жеңімпаздарымен кездесті
Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Сенат Аппаратында тағылымдамадан өткен «Жастар кадрлық резерві» республикалық жоба жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.