Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Өмір деген – аламан бәйге. Сол аламан бәйгеге алуан түрлі жүйрік қатысады. Алуан-алуан жүйрік бар, бәрі де әліне қарай шаппақ. Сондай аламан бәйгеге қатысып, ұлы дүбір үшін туылған тұлпар тұяқ жүйріктер болады. Бабы бар да бағы жоқ, әлгіндей ұлы дүбірлерге араласа алмай, сырттан ат дүбірін естігенде көзіне жас алатын Абсент секілді, «бұғалық түскен асаудай, бұлқынып үзіп қаша алмай» (Нартай) ауыл мен аудан көкпарының бас бәйгесімен амалсыз қанағаттанып, қорада кісінеп шау тартқан жүйріктер аз болмаған. Қуаныш Айтахановтың біліктілігі мен іскерлігі, зор ұйымдастырушылық қабілеті мен кісілік тұрпаты, жоқты бар, барды бай ете білетін, қай ауданды басқарса да көгерте білетін, жатқанды тұрғызып, жалқаудан жампоз жасайтын ерекше қабілет иесі екенін Оңтүстік өңірі жақсы біледі.
Білім • 14 Қараша, 2017
Жітіғара қаласындағы №2 орта мектеп 90 жылдық мерейтойын атап өтті
Балаға білім беретін барлық мектеп те қасиетті орын болып саналады. Дегенмен өз дәстүрі қалыптасқан, ертеден үлкен шаңырақ болған, ауылдың ғана емес, елдің ұлдары мен тұлғаларын ұшырған білім ошақтары бар. Солардың бірі Жітіғара қаласындағы №2 орта мектеп биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Жәмила Аманжол осы мектепте бүкіл ғұмырын өткізген екен. 40-шы жылдары осы мектепте оқиды, жоғары оқу орнын 1953 жылы тәмамдап, тарих пәнінің мұғалімі болып істеп, зейнеткерлікке шығады.
Білім • 14 Қараша, 2017
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті туралы не білеміз?
Бүгінде тәуелсіз мемлекет ретінде әлем танып отырған қазақстандық білім мен ғылымның да тамыры тереңде. Орта ғасырлардың өзінде қазақ топырағынан шығып, есімдері әлемге танылған әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Ж.Баласағұн, т.б. ғұламалар артына өшпес мұра қалдырды. Осындай ұлы тұлғалардың арасында әлемдік озық ойдың иесі, түркі халықтарына ортақ тұлға Қорқыт атаның орны ерекше. Тұтас түркі халықтары үшін киелі мекен Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның, руханияттың терең тамырының бастауы Қорқыт баба өмір сүрген кезеңдермен тұспа-тұс келеді.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетіне 100 жыл толды
Жүз жыл! Ғасырмен астасқан осы бір уақыт өлшеміне ой жүгіртіп көрейікші. Не болып, не өтпеді?! Тарих талайы ХХ ғасырды өзгерістен де, төңкерістен де, қуғын-сүргіннен де, қанды қырғыннан да, тоңы қалың тоқыраудан да, қарық қылар нарықтан да кенде қылған жоқ.
Аймақтар • 14 Қараша, 2017
«Жетісу» газеті осы аптада 500 миллионыншы данасын жарыққа шығарды
Келер жылы 100 жылдығын атап өтуге дайындалып жүрген Алматы облыстық «Жетісу» газетінің қызметкерлерімен осы күні сөйлесе қалсаң, газеттің тарихының тым тереңде екендігін, көптеген газеттерден жасы да, жолы да үлкен екенін, М.Әуезов бастаған ұлылардың ізі қалғанын айтудан жалықпайды. Мақтанса мақтанардай-ақ бар, заманында астаналық облыстың басылымы ретінде республикалық газеттермен терезесін тең ұстаған, облыс қана емес, берісі одақішілік, арысы халықаралық тақырыптарға да араласқан редакцияның өзіндік мектебі қалыптасқан.