Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Жұмагүл Мақашеваның студенттері Нью-Йорк қор биржасының тұтынушылары атанды
Елбасы биылғы Жолдауында басты басымдық макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау екенін, оны орындау отандық қор нарығын одан әрі дамытудан басталатынын айтқан болатын. Осы ретте Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып, қор нарығын жандандыруға бағытталған шара қабылдауды тапсырған еді. Бұл міндеттер елімізде қаржылық сауаттылық деңгейін көтеруді қажет етеді.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Петропавлда «Мені шыңдаған Серпін – 2017» шеберлік байқауы өтті
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы қабылданғалы «Серпін–2050» бағдарламасына қатысушылардың саны Қызылжар өңірінде молайып келеді. Бүгінде бағдарлама шеңберінде Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан 1200-ге жуық жас колледждерде 12 техникалық және кәсіптік мамандық бойынша білім алуда. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 900 студент оқып жүр.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Өскеменде оқу-жаттығу орталығы ашылды
Өскеменде облыстық Ішкі істер департаменті қызметкерлеріне арналған оқу-жаттығу орталығы ашылды. Жасыратыны жоқ, өңірде ұзақ уақыт бойы жеке құрамды жауынгерлік дайындыққа оқыту және дағдыларын жетілдіруге бағытталған мұндай арнайы база болмаған еді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін биыл облыс әкімдігінің қолдауымен ІІД қарамағына аумағы 1 гектардан асатын екі ғимарат беріліп, жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 357 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген-ді.
Аймақтар • 29 Қараша, 2017
ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық шарасы өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Азаматтардың құқын қорғау жеңілдейді
Қиындықтың салмағы әркімнің басына іс түскенде білінетіні бар. Ал өз құқын қорғау үшін сабылған жұрттың әр құжат, әр анықтама үшін әр есікті қағып, сергелдеңге түсетіні тағы белгілі. Сондықтан құқықтық қоғам құрып жатқан біздің елде азаматтар үшін құқық қорғау ісін барынша жеңілдету қолға алынған. Бұл құқықтық реформаның маңызды бөлігі екені айқын.