Жастар • 13 Қараша, 2023
Жастардың бойында еркіндік басым
Бүгінде еліміздегі әр үшінші тұрғын – 35-ке дейінгі азаматтар. Демек, мемлекеттің даму бағытын айқындауда ұлттық және халықаралық деңгейде жастар қалыптастырып жатқан өзгерістерді ескеру қажет. Осы орайда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу ЕРНИЯЗОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.
Денсаулық • 13 Қараша, 2023
Қант диабетіне шалдыққандарға көмек
Елімізде бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан аса пациент болса, осы қатарға жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін науқас қосылады екен. Қант диабетіне шалдыққандар тек елде ғана емес әлемде көбейіп барады. Бетін аулақ, кейбір деректерде 2045 жылға қарай әлемде 783 млн пациенттен осы кесел анықталады деген болжам бар. Қант диабетімен күрес күні қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты көптеген мағлұматқа қанықтық.
Аймақтар • 13 Қараша, 2023
Облыс орталығына жақын орналасқан Көксу ауданының тіршілігі көңіл сүйіндіреді. Күні кеше төрт бірдей ауылда блок-модульді медициналық пункт іске қосылды. Бұл деген – 2 мыңға тарта халық заманауи нысанда сапалы медициналық көмек алады деген сөз. Бұған қоса Мұсабек ауылына көгілдір отын келіп, жергілікті балалар үшін ойын алаңдары ашылды. Қуанышты сәттің біз де куәгері болдық.
Елорда • 13 Қараша, 2023
Астананы көгалдандыру жарғысы әзірленіп жатыр
Елорда әкімдігі қалалық урбанистика орталығымен бірлесіп, Астананы көгалдандыру жарғысын әзірлеп жатыр. Құжатта нақты шараларды, жоспарларды және Астананы көгалдандырудың жалпы стратегиясын қамтитын ережелер мен ұсыныстар жинағы болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 13 Қараша, 2023
Қазақтың ежелгі генетикалық жадысынан орын алған ұлттық қасиеттерінің бірі һәм бірегейі ат сыншылығы. Бұл туралы ел ішінде небір аңыз-әңгімелер жетерлік. Атап айтсақ, соның бірі – ХVII ғасырда өмір сүрген атақты Толыбай сыншы. Бұл кісінің сыншылығы хақында ғұлама атамыз Мәшһүр Жүсіп және жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің жазбаларында кездеседі.