Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Ақпаратты сауатты жеткізу – жақсы емдеумен бірдей
Орталық Азиядағы аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі америкалық орталықтың өңірлік кеңсесі Қазақстанда қоғамдық денсаулықты қорғаудың жаһандық бағдарламасы мен халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді енгізбекші. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық комитетінің ұйымдастыруымен кеше «Төтенше жағдай кезіндегі тәуекелділік және коммуникация» тақырыбында журналистерге арналған семинар-тренинг өтті.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Энергетика министрі Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бойынша жұмыс кеңесін өткізді
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Президент • 03 Қараша, 2017
Астанада «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысы өтуде
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Бала – жарқын өмірдің бастауы, ұлт болашағы. Кез келген мемлекеттің өміршеңдігін білдіретін де өсіп келе жатқан ұрпақ денінің саулығы, күтімі. Сондықтан да ана мен бала денсаулығы әрқашан басты назарда. 85 жыл бойы кішкентай балақайлардың денсаулық күзетінде тұрып, талай ата-ананың алғысын алып, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының мерейлі мерекесіне республикадағы жетекші ғылыми-зерттеу және клиникалық мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ардагер-дәрігерлер мен орталықтың серіктестері мен әріптес-достары келді.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
ОҚО-да әлеуметтік базарлар ашылмақ
Оңтүстікте Болат Әлиев деген іскер жігіт бар. Бұрын облыс әкімінің орынбасары қызметіне дейін өскен жігіт ағасы бүгінде бар шаруасын жиып қойып, ауыл шаруашылығымен айналысып кеткен. Былтыр күзде Елбасының өзі бау-бақшасында болып, разылығын білдірген.