Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Қазақстандық модель еврейлерді де қызықтырады
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай Еуразияның еврей қауымдарын қолдауға бағытталған ұлттық коалицияның атқарушы директоры Марк Левинмен кездесті.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Түлегі тұлғаға айналатын білім ордасы
Таяуда Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат 60-жылдық мерейтойын атап өтті. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектептен белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қаламгерлер мен өнер шеберлері түлеп ұшқан. Олардың қатарында композитор Кеңес Дүйсекеев, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сияқты белгілі тұлғаларды атауға болады.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Халқымыздың ежелгі өмір сүру дағдысы мен ұғым-түсінігінде қарашаңырақ атауының мәні жоғары. Бұл тіркес арғы-бергі тарихымыздағы өзіндік орны бар қасиетті ғимараттарға немесе ұрпақтар сабақтастығына орай да қолданыла береді. Осы орайда Ақтөбе қаласындағы Ғұбайдолла Ақтаев атындағы қазақ орта мектебін өңір жұртшылығы қарашаңырақ деп атауы орынды.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Қанипа Бітібаева дәріс берген қарашаңырақ
Ғасырға жуық тағылымды тарихы бар бұл тәлім ордасының берісі Шығыс Қазақстанның, әрісі еліміздің білім жүйесінде алар орны айрықша.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Экстремизммен күрестің басты құралы – ақпараттық түсіндіру
Астанада өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған «Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» тақырыбы бойынша екі күндік семинар өтті. Жиынды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті ұйымдастырды.