Аймақтар • 02 Қараша, 2017
Халықаралық жолаушылар хабын дамыту жайы талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшы топпен бірге Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. Мәжіліске жұмысшы топтан бөлек, облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, Шымкент әуежайы елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан әуежайлардың бірі екенін айтты. Сонымен бірге әкім осы жылдың 9 айында мұндағы жолаушылар ағымы 600 мыңнан астам адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артқанын атап өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 02 Қараша, 2017
Қостанайда 120 отбасына пәтер кілті табыс етілді
Қостанайда 9-шы және «Әуежай» шағын аудандарында көп қабатты екі үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғынды баспана қуанышымен құттықтап, оларға пәтер кілтін табыс етті.
Руханият • 02 Қараша, 2017
Берік Арын: Заң талаптары қоғамның тыныштығын көздейді
Биыл қыркүйек айында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылғанына бір жыл толды. Осы уақыт аралығында саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын ведомство тарапынан көптеген іргелі жұмыстар қолға алынып, бірқатар стратегиялық құжаттар әзірленіп, қабылданды. Айталық, маусым айында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы тұжырымдама қабылданды. Қыркүйекте Үкімет қаулысымен құжатты жүзеге асыру жоспары бекітілді. Ал қазан айында Үкімет қарауына «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді. Министрліктің бастамасымен іске асырылған заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі білу мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынмен әңгімелескен едік.
ОҚО әкімі халықаралық ғылыми конференцияға келген ғалымдармен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың асыл перзенті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына келген ғалымдармен кездесті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 02 Қараша, 2017
АҚШ билігі грин картадан бас тарта ма?
АҚШ Президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі оқиғадан кейін грин-карта визалық лотереясын тоқтататынын айтты.