Аймақтар • 10 Қараша, 2023
Жаркенттегі жеміс-жидек қоймасы
Былтыр облыс әкімі Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездескенде жеміс-жидек сақтайтын қойманың жоқтығы айтылған еді. Жерден ырысын терген жаркенттіктер биыл сыйымдылығы 6 мың тонналық ауылшаруашылық өнімдеріне арналған орынның құрылысын бастады. Жыл аяғына дейін нысан ел игілігіне берілмек.
Қоғам • 10 Қараша, 2023
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар және Мәжіліс депутаттарымен кездесті. Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы талқыланды.
Саясат • 10 Қараша, 2023
Экономикалық ықпалдастықтың мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-саммитіне қатысты.
Қоғам • 10 Қараша, 2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау
Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы – басты назарда. Бұл туралы Президент: «Әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау – әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі», деген еді.
Білім • 10 Қараша, 2023
Балабақшаға қабылдаудың жаңа тәсілі
Қоғамда балаларды балабақша кезегіне қоюға қатысты шағымдар жиі айтылады. Бұл туралы кезінде газетімізде жарияланған «Кері кеткен кезек» атты мақалада ашып жазғанбыз. Балабақшаға қабылдау кезінде қағаз құжаттар жинау да жұмысбасты ата-ана үшін оңай шаруа емес-ті. Бірақ енді бәрі басқаша болмақ. Өйткені мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берудің, кезекке қою мен есепке алудың бірыңғай базасы құрылады.