Өндіріс • 09 Қараша, 2023
Мұнай-газ химиясының жауапты кезеңі
Біздің заманымызда полиэтиленді қажет етпейтін сала кемде-кем. Кешегі дөңгеленген дүниенің дегбірін қашырған коронавирустың өзі онлайн жеткізу қызметінің жеделдеуіне, сөйтіп, қаптама нарығының қарқынды дамуына түрткі болды. Азық-түлік пен сусындар, фармацевтика мен тұтыну тауарларына сайттар арқылы сұраныстың жылдам өсуі полиэтилен пакетін тұтынуды айтарлықтай арттырды.
Форум • 09 Қараша, 2023
«RoboLand 2023»: Оқушылардың ой жарысы
Қарағандыда «RoboLand 2023» VIII ауқымды форумы биыл сегізінші мәрте өтті. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузиядан өрен жүйріктер келді. Фестивальдың финалының өзіне 300-ге жуық команда қатысып, жеңіс жерлестеріміздің еншісінде қалды.
Қоғам • 09 Қараша, 2023
Кәсіби отбасы балалар үйінің орнын баса ала ма?
Бұқар жыраудың «Өзіңнен тумай ұл болмас» дейтін аталы сөзі бар. Қанша жерден құдайсүйер қылығы болмаса да, құдай берген өз балаңнан өзге бала артық бола алмайды. Дегенмен біздің жұрт – тағдырдың тәлкегімен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бауырына басып, басынан сипаған, жетімін жылатпаған ел. Соның бір айғағындай кейінгі жылдары елімізде балалар үйі де, ондағы тәрбиеленушілер де едәуір азайып қалды. Өкініштісі, қамқорлығына алған баланы өз баласындай көре алмай, балалар үйіне қайтарып жатқан отбасылар да баршылық екен.
Теннис • 09 Қараша, 2023
Кеше Испанияның Севилья қаласында әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг Кубогі басталды. Бұл бәсекеде жергілікті теннисшілерден бөлек, Швейцария, Аустралия, Канада, Чехия, Франция, Германия, Италия, Польша, Словения, Испания, АҚШ және Қазақстан құрамалары бақ сынайды.
Үкімет • 09 Қараша, 2023
2000 ауыл мектебі «Starlink»-ке қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 5G технологиясын енгізу және шалғай елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.