Теннис • 09 Қараша, 2023
Теннистен әйелдер арасындағы (WTA) әлемдік рейтингтің көшбасшысы өзгерді. Шамалы уақыт алдына жан салмаған беларусьтік Арина Соболенко өз орнын польшалық Ига Свентекке босатты.
Аймақтар • 09 Қараша, 2023
Күршімдіктер көпірге үміт артып отыр
Осыдан төрт-бес жыл бұрын Күршім ауданын облыс орталығымен жалғап тұратын көпір салынады дегенді естіген жұрт малақайын аспанға ата алақайлаған. Қуанбай қайтсін? Жетпіс жыл аралда қалғандай күй кешкен жұрттың жанайқайын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінен оқып, Бұқтырма су қоймасына көпір салу жөнінде Үкіметке тапсырма берген. Құрылыс уақтылы басталды. Ал мерзімінде, яғни 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқтала ма? Халықты алаңдатқан сұрақ – осы.
Экономика • 09 Қараша, 2023
Міндетті таңбалаудың мүмкіндігі
Елімізде соңғы жылдары тұрақты түрде тауарларға таңбалау жүргізу қолға алынғаны белгілі. Соның арқасында көлеңкелі айналымның үлесі төмендеп, халықты жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік туды. Міндетті таңбалау енгізілгеннен бері, соңғы екі жылда жеңіл өнеркәсіп нарығында – 65%, оның ішінде аяқкиім – 48,5%, алкогольді ішімдіктер 25% болса, дәрі-дәрмектер 12%-ға төмендеген. Биылғы жылдың бірінші сәуірінен бастап, елімізде аяқкиім тауарларын таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енген болатын.
Форум • 09 Қараша, 2023
Таяуда Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы брифинг өткізді. Онда 16 қарашада Астана қаласында «Қазақстандық қамту 2.0» тақырыбында халықаралық форум өткізілетіні айтылды.
Қоғам • 09 Қараша, 2023
Қоғамды дүр сілкіндірген қылмысқа қатысты тың деректер жария болды
Алматыда өгей қызын үлкен дәреті үшін ұрып өлтірген әйелге қатысты сот отырысы басталды. Онда өзін қоғам белсендісі ретінде таныстырмақ болған Балжан Тұрлыбековаға қатысты жантүршігерлік жайттар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.